Еліміздің аумағында жүрген босқындарды қайта тіркеу жүргізіліп жатыр

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жақында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы босқындар мәселесі бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссары Басқармасының бірлескен мәлімдемесі жарияланды.
None
None

Ол бойынша Министрліктің Көші-қон комитеті мен БҰҰ БЖКБ Қазақстанда жүрген барлық босқындарды қайта тіркеп, оларға Қазақстан билігіндегі мандатты беру жөніндегі мәселелерді қарау жұмысын жүргізіп жатқанын мәлімдейді.

«Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңы ағымдағы жылғы қаңтардың 1-інде күшіне енді. Заңның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетіне жүктелген және Қазақтан Республикасындағы босқындар құқығы бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссары Басқармасының аумақтық өкілдігімен бірлесіп атқарылуда. (әрі қарай БҰҰ БЖКБ). Көші-қон Комитеті мен БҰҰ БЖКБ Қазақстанда жүрген барлық босқындарды қайта тіркеп, оларға Қазақстан билігіндегі мандатты беру жөніндегі мәселелерді қарауда қарқынды жұмыс жүргізуде. Көші-қон басшылығы және БҰҰ БЖКБ Қазақстанда босқын ретінде қорғау іздеп жүрген барлық адамдарды Көші-қон комитетінің аумақтық департаменттеріне кешеуілдетпей тіркелуге үндейді. Құқық қорғау органдары Көші-қон комитетімен және БҰҰ БЖКБ өкілдігімен өзара тығыз әрекетте, босқын мәртебесіне үміткер тұлғалардың көші-қон, еңбек заңнамаларын және ҚР «Босқындар туралы» Заңын бұзуға жол бермеу мақсатында шұғыл ескерту шараларын жүргізіп отыр», делінген мәлімдемеде.

Бұл тұрғыда тағы бір айта кетер жайт, «Мигрант» жоспарлы операциясының шеңберінде 2010 жылдың маусымында прокуратура органдарының және сот санкциясымен Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары қамауға алынған. Олар бұған дейін ауыр қылмыс жасағандары үшін іздеуде жүргендер болатын. Қамаудағылардың арасында Өзбекстан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, діни қызметкерлерге шабуыл жасап, кісі өлтіріп, қару қолданған деп айыпталған тұлғалар бар болып шықты. «Барлық қамауға алынған шетел азаматтары БҰҰ БЖКБ-на өздерін босқындар деп тану жөніндегі арыздарын алдын-ала бергендіктен, «Босқындар туралы» ҚР Заңына сәйкес, Алматы қаласы бойынша Көші-қон департаментінде қайта тіркеу процедурасынан өтті. Халықаралық нормаларға сәйкес қазіргі уақытта заңды тексерістер жүргізіліп жатыр. Бұл уақыт аралғында қамауға алынған тұлғаларға Қазақстан Республикасы «Босқындар туралы» Заңына сәйкес мәжбүрленген депортациядан қорғауға кепілдік беріледі», делінген үндеуде.

Соңғы жаңалықтар