Еліміздің ауылдық аймақтарына 26 мыңнан астам маман қажет ? Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгінде еліміздің ауылдық аймақтарына 26 мыңнан астам маман қажет. Бұл туралы бүгін 2009-2011 жылдарды қамтитын «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасының іске асырылу мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аймақтар істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Михаил Трошихин мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның деректері бойынша, мамандардың басым бөлігін, яғни 60 пайыздан астамын педагогтар, 30 пайызын медицина мамандары құрап отыр. Сонымен қатар қазір ауыл мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлеріне де аса зәру. «Кадр жетіспеушілігіне байланысты қиындықтарды әсіресе Қызылорда облысы айқын сезініп отыр. «Бұл аймаққа қазір 4 мың 315 маман қажет. Ал Қостанай облысына 2 мың 778, Батыс Қазақстан облысына 2 мың 59, Алматы облысына 2,5 мың, Ақмола облысына 2 мың 72 маман керек болып отыр», деді М.Трошихин.
Соңғы жаңалықтар