11:51, 15 Қараша 2012 | GMT +5
Еліміздің автожолдары бойында 600-ге жуық жылыту бекеті жасақталды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Аймақтық жолдарда 589 жылыту бекеттері, оның ішінде 192-сі республикалық және 397-сі жергілікті маңызы бар жолдарда орналастырылды.
Бұл жайында бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
Белгілі болғандай, апаттық қаупі бар республикалық маңыздағы жолдарда медициналық қызмет көрсетуге негізделген 6 медициналық-құтқару бекеті жұмыс істеп жатыр. 2011-2015 жылдарға дейінгі «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында күре жолдарда 40 медициналық-құтқару бекетін құру қарастырылып отыр.
Аталған құтқару реанимобильдерде жедел қызмет көрсету бригадасы «Астана-Алматы», «Алматы-Бішкек», «Алматы-Өскемен», «Алматы-Қапшағай» жолдарында тәулік бойы кезекшілікте тұрады.