Еліміздің аймақтарында цементтің көтерме және бөлшек сауда бағаларының төмендеуі байқалады
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінде еліміздегі цементті сату мәселелеріне арналған кеңес болып өтті,
деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Кеңесте цемент өнімдеріне деген баға құрау және Қазақстанның құрылыс салу қауымдастығы, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры және цемент зауыттары арасында ағымдағы жылғы мамырда жасасқан меморандум шарттарының сақталу мәселелері қаралды.
Кеңеске қатысушылар меморандумда айтылған шарттарды цемент зауыттарының сақтап отырғандарын атап өтті. Мысалы, бүгінгі күні аймақтарда цементтің көтерме және бөлшек сауда бағаларының төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, цементтің орташа босату көтерме бағасы тоннасына 10 899 теңгеден 12 626 теңгеге дейін болады.