Еліміздің Аймақтық даму болжамдық нұсқасы күзге дейін дайын болады - Ж. Айтжанова

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/- Еліміздің Аймақтық даму болжамдық нұсқасы күзге дейін дайын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының депутаттарымен кездесу барысында осы мәселеге байланысты қойылған сауалға жауап беру кезінде Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде біз Аймақтық дамудың болжамдық сызбасын дайындап жатырмыз. Осы сызбанұсқаны нақты мәселелерді шешуге арналған құжат ретінде жоспарлап отырмыз»,-деді Ж. Айтжанова.

«Ішкі миграция проблемасы үлкен мәселе. Еліміздегі халықтың 40 пайыздан астамы ауылдық жерде тұрады. Оның 31 пайызы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Бірақ ауыл шаруашылық саласы ішкі өнімнің тек 5 пайызын ғана береді. Яғни халқымыздың 31 пайызы ішкі өнімнің тек 5 пайызына жұмыс істейді. Сол проблемаларды шешу үшін Өндірістік қуаттарды орналастыру жүйесін және Аймақтық даму болжамдық нұсқасын жасаймыз. Оны біз күзге дейін даярлауымыз қажет»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар