Еліміздің барлық дерлік қаласында ауа сапасы қолайлы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің барлық дерлік қаласында ауа сапасы қолайлы болады

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, 5 наурызда ауа сапасының нашарлауы тек Алматы қаласында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық күн райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыда бірнеше күннен бері қолайсыз метеожағдай тіркеліп отыр.