Еліміздің барлық қаржы полициясы органдарында «Ашық есік күні» өтеді

АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - 16 қыркүйекте барлық аймақтық қаржы полициясы органдарында «Ашық есік күні» өткізіледі,

Еліміздің барлық қаржы полициясы органдарында «Ашық есік күні» өтеді

деп хабарлады ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, сонымен қатар аталған іс-шара ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда Халықаралық Сыбайлас жемқорлықпен күрес күні аясында өткізілетін болады.

Аталған іс-шараның мақсаты - қаржы полициясы органдары мен азаматтар арасындағы серіктестік пен сенімділікті орнату,  сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру және жағымсыз жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға тәрбиелеу.