Еліміздің барлық өңірінде аптаның соңына дейін күн аязды болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыс қарашаның ортасында қаһарына мінгелі тұр, деп хабарлады www.24.kz.

Еліміздің барлық өңірінде аптаның соңына дейін күн аязды болады - Қазгидромет

«Аптаның соңына дейін еліміздің барлық өңірінде сынап бағанасы нөлден төмен болады», - дейді Қазгидромет мамандары. Бұл - арктикалық ауа массаларының ағыны есебінен болатын құбылыс. Аязды күндерге, әсіресе, еліміздің орталық және шығыс аймақтары дайын болғаны дұрыс. Мұнда ауа температурасы 15-23 градусқа дейін төмендейді. Ал, солтүстікте жауын жауып, желдің екпіні күшеюі ықтимал. - Еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы 7-15 градус аяз шамасында болмақ, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде 3-11 градус аязға дейін төмендейді. Ал еліміздің солтүстік өңірінде кезекті циклонның әсерінен кей жерлерде жауын-шашынды күн райы байқалып, желдің жылдамдығы күшейеді, - деді «Қазгидромет» РМҚК орталығының инженері Әлия Оспанова,