Еліміздің барлық өңірлеріндегі орман алқаптарында өрт бақылау мұнаралары жеткіліксіз

Оның атап өтуінше, бекітілген жоспарға сәйкес Орман және аң шаруашылығы комитетінің аймақтық бөлімшелері мен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметі орман шаруашылықтарының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, облыстардағы орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жаппай тексеру жүргізген. «Тексеріс нәтижесінде ауқымды орман өрттеріне жол бермеуде қазіргі уақытта облыс әкімдіктері қабылдап отырған шаралар жеткіліксіз. Бұл орайда тілсіз жауды дер уақытында анықтау негізгі рөл атқарады», деп атап өтті ол.
Бұл орайда өрт бақылау мұнараларының атқарар қызметі орасан зор. Алайда Е.Нысанбаевтың сөзіне қарағанда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жердегі орман өртін анықтау үшін қажетті жаңа өрт бақылау мұнараларын орнату шаралары қабылданбаған. «Мәселен, Қостанай облыстағы 24 бақылау мұнарасының 2-уі апатты жағдайда. 18 қосымша мұнара құрылысы жоспарланғанымен соңғы 10 жылдың ішінде бірде-бір мұндай құрылғы орнатылмаған. Ал Ақмола облысында 43 мұнара бар, оған қосымша тағы 21-і қажет. Алайда соңғы 4 жылдың ішінде Үрімқай мен Степногор мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінде ғана бір-бірден орнатылған», деді ол.