11:02, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Еліміздің барлық республикалық жолдары ашық
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағындағы барлық республикалық жолдар ашық. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметінде хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, кешегі боранға байланысты еліміздің бірқатар өңіріндегі жолдарда көлік қозғалысы шектелген болатын. Қазіргі кезде бұл жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.
«Қазақавтожол» РМК-ның облыстық филиалдарының арнайы қар тазалау техникалары жұмылдырылып, жол бойында кезекшілік жасауда.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.