Еліміздің барлық табыстары - халықтың тынымсыз, орасан және жемісті жұмысы Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асып келеді - Президент поштасынан

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ақмола облысы, Шортанды ауданы, №1 Жолымбет орта мектебін 1966 жылы бітірген түлектерден хат келді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Олардың көпшілігі осы жылдар ішінде тағдыр жазуымен ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шетелге шашырап кеткен. Астанаға сыныптас достарымен кездесуге келіп, Қазақстанның жаңа астанасының келбетіне таң қалғандарын айтады. «Жаңа қала бізді өзінің ерекше әсемдігімен, әдемілігімен, заманауи сәулетімен баурап алды. Қаланың өзі де, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Нұр-Астана» мешіті, «Бәйтерек» - бәрі де нұрланып, жарқырап тұр. Жүзеге асырылғандардың барлығы мұндағы кеңпейіл, жайдары, әдемі адамдардың келбетімен астасып жатқандай көрінеді. Көзбен көргенімізді бәріне айтып қана қоймай, қалаға тағы да оралып, осынау ғажайып алаңдармен, саябақтармен, ескерткіштермен таныстығымызды жалғастырып, достарымызбен және таныстарымызбен қайта араласқымыз келеді».

Хат иелері Нұрсұлтан Назарбаевқа әсем астана мен Қазақстанда бейбітшіліктің сақталып отырғаны үшін алғыс айтады:

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, еліміздің барлық табыстары - халықтың тынымсыз, орасан және жемісті жұмысы Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асып келеді. Сізге біздің ортақ Отанымызды өркендету ісінде табыстар және зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз», - делінген хатта.              

Соңғы жаңалықтар
telegram