Еліміздің бас әскери медицина қызметкерлері көктем мерекесін атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін көктем мерекесі Наурыз қарсаңында Қазақстан Респбуликасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде «Армысың, әз-Наурыз!» атты салтанатты жиын өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Әскери медицина қызметкерлері қазақ халқының бай дәстүрі мен әдет-ғұрпын паш етіп, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырды. Сондай-ақ келген қонақтар үшін мерекелік дастархан жайылып, ән салынды, би биленді.

Жалпы айтқанда, шара жұртшылыққа көктемгі көңіл-күй сыйлады.

Күн мен түн теңесетін Наурыз мейрамы шығыс халықтары үшін маңызды. Наурыз мерекесі ұлан-асыр тойланса, жыл бойы табыс пен береке әкеледі, деп санайтындарын жеткізді аталмыш мекеме қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар