16:07, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
Еліміздің Бас мүфтиі православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады.

«Ислам - өзге дін өкілдеріне құрмет көрсетуге үндейтін кемел дін. Өйткені, Ислам мұсылмандарды біреуге тілімен де, қолымен де зарар тигізбеуге үндейді. Көпдінді, көпұлтты Қазақстанның бірлігін нығайту жолында барлық дін, ұлт өкілдері ел үшін игі істерді бірігіп атқаруы тиіс», - делінген Бас мүфтидің құттықтау хатында.