Еліміздің Бас прокуратурасы алимент төлеуден жалтарғандарды «тәубесіне» келтірмек

«Бұл өте үлкен цифр, 54 мың бала алимент ала алмай отыр. Сондықтан да бұл жұмыс біздің назарымызда тұрақты түрде болады», - деді ол.
Ж.Асановтың атап өтуінше, ағымдағы жылдың 1 наурызында ҚР Бас прокуратурасы осы мәселеге байланысты Әділет министрлігімен бірлескен кеңес өткізіп, аталған алқалы жиын барысында жаңа заң жобасы әзірленген.
«Біз атқарушы өндіріс жүйесін жаңғыртудың тұжырымдамасын жасадық. Біз ұсынып отырған түзетудің мәні мынада, борышкер қайда барып қызмет алатын болса, оның ішінде мемлекеттік те, жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған кезде онда проблемалар туындайтын болады», - деді Ж.Асанов.
Бас прокурор орынбасарының атап өтуінше, алимент төлемеген азамат қайда барса да оған өзінің борышкер екендігі еске түсіріліп тұратын болады.