Еліміздің Бас прокурорының төрағалығымен ҚР құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің төрағалығымен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтіп, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, сондай-ақ БҰҰ Комитетінің азаптауға қарсы ұсыныстарын жүзеге асыру барысы қаралды.
None
None

Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін одан әрі арттыру, оның ішінде мемлекеттік құрылымдардағы жүйелі сыбайлас жемқорлықпен күрес құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты құзырлы ведомстволар сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, оларды уақтылы анықтап, жолын кесу, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтар үшін жазаланбай қалмайтын қағидатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануда», делінген баспасөз ақпаратында.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері толығымен алғанда құқық қорғау органдарының аталған мәселе бойынша өзара іс -қимыл жөніндегі жұмыстары мен олардың дәрежесіне оң баға берді. Еліміздегі баға берудің көпшілік мойындаған өлшемдері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлыққа көзқарас индексіндегі оң өзгерістер атап өтілді. Осы саладағы қазіргі қолданыстағы заңдарды жетілдіру мен заңдылықты көтеру мәселелері де талқыланды. Сондай-ақ, Кеңес БҰҰ Комитетінің азаптауға қарсы ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі шараларды қарады.

Ведомство ақпаратына сәйкес, мәжіліс барысында Бас прокурор сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрестің ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын және бұл бағытта күш-жігерді босаңсытуға болмайтынын, сол сияқты азаматтарды азаптау және оларға қатігездікпен қараудың басқа да деректерінің жолын кесудің қажеттілігін атап өткен.

Талқылау қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлықпен және азаптаумен күрес жөніндегі қызметтерін одан әрі күшейтуге бағытталған шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар