Еліміздің басты заңы әрқашан да азаматтарымыздың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс - соғыс ардагері С.Базарбаев
ТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Бүгін еліміздің басты мерекелерінің бірі - Конституция күні. Мен еліміздің басты заңы әрқашан да азаматтарымыздың игілігіне жұмыс істеуін тілеймін.
Маңғыстау облысынан келген Ұлы Отан соғысының ардагері Сәуірбай Базарбаев Астанадағы әскери парадтан кейін өз пікірін осылай білдірді.
«Тамаша қала - Астананы салдырған Президентімізге зор алғыс айтамын. Маған бүгінгі парад өте ұнады, ол әсіресе жастарымызды патриоттық сезімдерге баулитыны сөзсіз», - деді С.Базарбаев.