Еліміздің басым аумағында антициклон аязды жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады
АНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еліміздің басым аумағында антициклон аязды жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Түнде Шығыс Қазақстанда, күндіз Ақмола облысында жел жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді деп күтілуде.
Қостанай облысының да кей жерлерінде жел қуаты секундына 15-20 метрге жетіп, түнде және таңертең тұман түспек.
Ақмола облысының да кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, секундына 15-20 метрлік жылдамдықпен жел соғады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аумағын тұман басып, жел жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді деп болжануда.
Батыс Қазақстан, Алматы өңірлерінде көктайғақ болады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түседі.