Еліміздің басым аумағында қар жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 9-ы күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады. Көбіне қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыстың кей жерлерінде қатты қар жауады, деп хабарлайды еліміздің төтенше жағдайлар қызметінің ресми сайты.
None
None

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын болып, жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді.

Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел бұрқасынмен желдің күші 15-25 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар