Еліміздің басым бөлігінде бүгін жауын жауып, бұршақ түседі - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел аумағының басым бөлігінде бүгін жауын жауып, кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ, тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет».
СҚО-да, батыста, Ақмола облысында, шығыста, оңтүстікте жауын жауып, найзағай жарқылдап, желдің күші секундына 15-20 метрге дейн күшейеді. Ал Атырау, Ақтөбе, Ақмола облысының кей жерлерінде, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық сақталады.