09:09, 30 Маусым 2016 | GMT +5
Еліміздің басым бөлігінде шілде айының алғашқы күндері жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 30 маусым мен 2 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Жаз мезгілінің ең ыстық айы да келіп жетті. Алайда ол Қазақстанның барлық дерлік аумағы бойынша, қоңырсалқын, жауын-шашынды ауа райымен басталғалы отыр. Осындай ауа райы алдымыздағы үш тәулікте, Батыс Сібірдің оңтүстігі мен Қазақстанның солтүстігі үстінде орналасқан белсенді және терең циклонмен (оңтүстік пен батыс облыстарды есепке алмағанда) байланысты болады. Алайда, оңтүстік пен батыс облыстарда да температура осы кезеңге тән көпжылдық белгіден төмен және кей жерлерінде орташа деңгейде болуы күтіледі», - деп жазылған хабарламада.