Еліміздің басым облыстарында ауа райы ашық болады
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - 8 ақпанда еліміздің басым облыстарында қар жаумайды, ашық ауа райы болжануда, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Синоптиктердің мәліметі бойынша, тек республиканың батысында аздап қар жауып, жел тұрады.
«Республиканың батысында фронтальдық бөліктердің өтуімен кей жерлерде қар жауады, жел соғады. Республика аумақтарының қалған бөліктерінде күн ашық», - деп атап өткен синоптиктер.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге күшейеді деп күтілуде.
Түнде және таңертең Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады.
Түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде, Маңғыстау облысында қатты аяздар сақталады.