Еліміздің басым өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14 наурыз күні фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі. Еліміздің тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің басым өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК болжамынша, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі түнде кей жерлерде 18 м/с, күндіз 23-28 м/с жетеді.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 23-28 м/с артады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында түнде желдің күші 17-22 м/с артады.

Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жететіні болжанады.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерін тұман басады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.