Еліміздің батысы мен шығысында жексенбі күні қар жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ашық болады, тек кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.
None
None

Тек еліміздің батысы мен шығысында кей жерлерінде қар жауады. Маңғыстау, Атырау, күндіз Жамбыл облыстарында түнде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұрқасын болады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Алматы облысында кей жерлерде түнде тұман түседі, жел күшейеді, күндіз Алакөл көлі ауданы тұсында жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін артады. Ал Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей бөліктерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар