Еліміздің биологиялық қауіпсіздігімен айналысатын ұлттық жүйе құрылуы тиіс - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылуға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылуға тиіс. Бұл іс-шара тиісті заң жобаында қарастырылған. Парламенттен осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды сұраймын. Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес. Денсаулық ұлт жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралмен жабдықтау қажет. Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады», - деді Мемлекет басшысы.