Еліміздің бірқатар аймақтарында әскери жиындар өтуде

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - 1-ші тамыздан бастап, Спасск, Тараз, Семей және Ақтау қалаларының оқу орталықтарының базасында ұтқыр күштер резервінің бесінші кезеңі басталды.

Еліміздің бірқатар аймақтарында әскери жиындар өтуде

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери - теңіз күштерінің оқу орталығының Ақтау қаласындағы базасында мұндай жиын алғаш рет ұйымдастырылып отыр және оған бұрын әскери борышын өтемеген жастар да шақырылуда, деп хабарлады Ақтау қаласындағы 47761 әскери бөлімінен. Тамыз айында Маңғыстау облысынан шақырылған 50 адам әскери дайындықтан өтеді. Жиын аяқталысымен осы оқу орталығының базасында 150 әскери қызметші дайындалады. Ақтауда бір ай бойы өтетін жиында әскери дайындықтан өтетін әскери азаматтар атқыш, пулеметші, граната атқыш сияқты мамандықтарды игеретін болады. 6-шы тамыз күні Тараз бен Спасск қаласындағы Қазақстан әскерінің болашақ резервінің өкілдері туыстары мен жолдастарының алдында салтанатты түрде Ант қабылдайды. Салтанатты рәсім бұдан соң Семей мен Ақтау қалаларында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы жылдан бастап, әскери жиындарға шақырылатын әскери қызметшілер саны кезең-кезеңімен арттырылатын болады.