Еліміздің бірқатар аймақтарында дауылдық ескерту жарияланды - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қаңтар күні республиканың бірқатар аймақтарында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің бірқатар аймақтарында дауылдық ескерту жарияланды - Қазгидромет

3 қаңтар күні Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа райы 20-25 градусқа төмендейді, кей аймақтарда 27-32 градусқа дейін барады. Ал Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендеп, кей аймақтарда 15 градусқа дейін суытады.

Сондай-ақ Ақмола облысында 3-4 қаңтар күндері 15-20 м/с жел соғып, кей жерлерде екпіні 25 м/с-қа дейін барады.