Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты жолдағы қозғалыстарға шектеу енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарына бірқатар жолдарға шектеу енгізілді. Бұл туралы ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады.

Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты жолдағы қозғалыстарға шектеу енгізілді

Қарағанды облысында 27 желтоқсан сағат: 10-40-та ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) «Қарағанды - Павлодар обл. шекарасына дейін (970-1135км а/ж «Қызылорда-Павлодар») учасклерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

27 желтоқсан сағат: 10-40-та ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) -Теміртау қаласы - Ақмола обл. шекарасына дейін (1051-1142км а/ж «Алматы - Екатеринбург») жүк және қоғамдық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Павлодар облысында 27 желтоқсан сағат 11-05-те ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) «Қызылорда-Павлодар» а/ж учаскесінде (1135-1206 шақырымда Шідертіден Қарағанды облысы шекарасына дейін) барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды. Ақмола облысында 27 желтоқсан сағат: 11-30-да ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1275-1353км Астана-Караганды облысының шекарасына дейін) қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.