21:07, 15 Наурыз 2019 | GMT +6
Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 16 наурызда Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с сақталады.
Сондай-ақ, 15-16 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.