Еліміздің бірқатар өңірінде күшті жел, көктайғақ, боран күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.
None
None

30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түседі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

30 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Сол күні Қостанай қаласында бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

30 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын болады, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с жетеді.
Сол күні Ақтөбе қаласында күндіз жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

30-31 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан күшті жел соғады, оның жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, 30 қаңтарда күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с сақталады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
30 қаңтарда күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы Тараз қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

30 қаңтарда Алматы облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, Алакөл маңында 20-25, екпіні 30 м/с және одан да күшейіп кетуі ықтимал.

30 қаңтарда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты қар немесе жауын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 17-22 м/с, таңертең және күндіз екпіні 27 м/с жетеді.
30 қаңтарда Шымкент қаласында күндіз қатты жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.
30 қаңтарда Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан 17-22 м/с күшті жел соғады.

Соңғы жаңалықтар