10:28, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еліміздің бірқатар заңдарына тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулер енгізіледі
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліске ұсынды.
![None None](/static/img/plug.webp)
Заң жобасы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және қолданыстағы заңнама нормаларының қайталануын болдырмау мақсатында әзірленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл заң жобасы жаңа «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын кедергісіз және толық көлемде іске асыруға мүмкіндік беретін Қазақстан заңнамасының ажырамас бөлігі және құрамдас буыны болып табылады.Кейбір заңнамалық актілерге «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасынан тікелей туындамайтын, бірақ оның нормаларын іске асыру үшін қажетті толықтырулар енгізіліп отыр. Қоғамдық бірлестіктердің жұмысын жандандыру мақсатында «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында регламенттелген қоғамдық бірлестіктердің құзыреті толықтырылды.Сондай-ақ тұтынушыларды қорғау мақсатында сауда нүктелерін жүйелеу, сондай-ақ олардың қызметін регламенттеу және реттеу қажеттілігіне байланысты «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізіледі. Бұдан басқа заң жобасы көрсетілген Заңға нақтылау сипатындағы және тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған толықтырулар жиынтығын да көздейді. Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды, көлеңкелі экономикадан шығуды күшейтуге ықпал ететін сауда нүктелері қызметін реттеуге де мүмкіндік береді. Сондай-ақ заң жобасы қолданысқа енген жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілері оның нормаларын орындау жөніндегі шығыстарды көтермейді. Заң жобасын қабылдау қосымша қаржы шығындарына әкелмейді.