Еліміздің бірнеше аймақтарында ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері құрықталды

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен аптада полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы 17 іс қозғап, қылмыстық топтың 1 жетекшісі мен 6 мүшесін ұстады. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен апталық брифингте министрліктің Ақпарат және тіл саясаты департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, полицейлер Павлодарда «Жүсіповтер» қылмыстық тобын құрықтаса, Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерден қаржы бопсалаумен айналысып жүрген «Ықшамаудандықтар» ұйымдасқан тобының мүшесін ұстаған. Ал Ақтөбеде «Жайсаңдықтар» қылмыстық тобы жетекшісінің бауыры ұсталған. Ол жер теліміне қатысты күшін жоғалтқан құжаттарды пайдалана отырып, Т. есімді азаматтың 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаржысын иемденіп кеткен. «Сондай-ақ Астанада 5 қызды жезөкшелік мақсаттарға пайдаланды деген күдікпен Т. деген азамат қамауға алынды. Бұл оқиғаларға қатысты жайттардың барлығы қазір тексерілу үстінде», деді Б.Қожахметов. Сондай-ақ ол келтірген мәліметтер бойынша, жамбылдық полицейлер тұрақты түрде азаматтарды тонаумен айналысып келген 7 адамнан құрылған қылмыстық топты ұстаған. Оны 1984 жылы туылған бұрын сотталған Б. деген азамат басқарып келген. Олар қазіргі таңда аймақтағы 7 қарақшылық шабуыл мен «Тойота Ленд Крузер - 200» және «Тойота Ленд Крузер Прадо» көліктерін тартып алу әрекеттеріне қатысты деп танылып отыр.
Соңғы жаңалықтар