Еліміздің бокстан ұлттық құрамасы Бакуде өтетін әлем чемпионатына жүріп кетті

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең еліміздің бокстан ұлттық құрамасы Бакуде өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін аттанады. Бұл байрақты бәсекеде 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынада,
None
None

деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Әлем чемпионатына қатысатын команда құрамын ұлттық құраманың бапкерлер кеңесі айқындады. Қазақстандық спортшылар 9 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды. Атап айтқанда, Біржан Жақыпов (49 келі), Олжас Сәттібаев (52), Ғани Жайлауов (60), Данияр Елеусінов (64), Серік Сәпиев (69), Данабек Сужанов (75), Әділбек Ниязымбетов (81), Василий Левит (91), Иван Дычко (+91) шаршы алаңға көтеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қанат Әбутәліпов 27-28 мамыр күндері Қытайдың Гуйжоу қаласында өткен Бүкіләлемдік бокс сериясының жекелей чемпионатында жеңімпаз атанып, Бүкіләлемдік бокс сериясы рейтингіндегі ең үздік боксшы деп танылған болатын. Сөйтіп, ол Лондон Олимпиадасының жолдамасын иеленген-ді.

Соңғы жаңалықтар