Еліміздің Демографиялық саясаты және отбасын нығайтудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы талқыланды

        АЛМАТЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда ҚР Демографиялық саясаты және отбасын нығайтудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқыланды,

Еліміздің Демографиялық саясаты және отбасын нығайтудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы талқыланды

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

          Талқылау  ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қоры, Азаматтық бастамалар орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогграфиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Айткүл Самақова, Елена Тарасенко, ҚР Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік және халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

          ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, тұжырымдама жобасы еліміздегі демографиялық ахуалды жақсартудың негізгі қағидалары, мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру механизмін анықтайды.Сондай-ақ онда 2010-2020 жылдар аралығында елімізде бала туу көрсеткішінің артуына қолдау көрсету, өлім көрсеткішін төмендету, миграциялық көрсеткіштерді оңтайландыру, отбасыларға жағдай жасау шарттары көзделген. Егер тұжырымда жүзеге асырылатын болса, үш және одан да көп балалы отбасылардың саны артады.2020 жылға қарай балаға босану кезінде қайтыс болатын аналар санын 100 мың адам ішінде 15-ке дейін, сәбилердің шетіненуін 100 мың адамның ішінен 12 оқиғаға дейін төмендету, әйелдер мен еркектердің өмір сүру ұзақтығының ара айырмашылығын биылғы 10,5 жылдан 2020 жылы 8 жылға дейін қысқарту көзделген.Сондай-ақ жәрдемақы көлемін арттыру, жас отбасылардың баспаналы болуы, еліміздегі мүгедектер мәртебесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, халық өсімін шет елдегі қандастарымызды тарту есебінен көбейту қарастырылған.Шараға қатысушылардың айтуынша, тұжырымдама дер кезінде жасалып отыр.Сондықтан ол толықтырылып, тез арада жұмыс істей бастауы тиіс.

         Бүгінгі отырыс барысында бірқатар ұсыныстар жасалды.Олар алдағы уақытта тұжырымдама жобасына енгізілмек.