Еліміздің егін алқаптарында кекіре арамшөбіне байланысты күрделі жағдай орын алуда - ҚР АШМ
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Еліміздің егін алқаптарында кекіре арамшөбіне байланысты күрделі жағдай орын алуда.
Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің (АӨК) Мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде кекіренің таралуы 15 облыс аумағында, 142 аудан, 22 қала, 983 елді мекендерде, 4 498 ауыл шаруашылығы кұрылымдарында және 22 жеке үй учаскелерінде байқалуда. Осы орайда, Комитеттің аумақтық инспекцияларымен барлық деңгейдегі әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге республикалық бюджет қаржысы есебінен өңдеуге енбеген карантиндік арамшөптерге қарсы іс-шаралардың жүргізілу қажеттілігіне байланысты хаттар жолданып, нұсқамалар берілген», - деді Комитет төрағасы.