Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қазан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің екі  қаласында ауа сапасы нашарлайды

Болжамға сәйкес Астана мен Теміртауда метеожағдай нашарлайды және Қарағанды, Балқаш қалаларында ластану сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.