Еліміздің екі облысында бұршақ жауып, батыста аптап ыстық сақталады - 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

ТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық ағындар ықпалында болып, кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді деп күтілуде. Ал республиканың батыс аудандарында жаңбырсыз әрі аптап ыстық сақталады.

Еліміздің екі облысында бұршақ жауып, батыста аптап ыстық сақталады - 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге, ал күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Ертең күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде +40/+43°С-қа дейін, Маңғыстау облысында +43+/45°С-қа дейін аптап ыстық сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысында да +41°С-қа дейін қатты ыстық болатындығы күтілуде. Батыс Қазақстан, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл облысының батысында, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде төтенше жоғары өрт қауіпі сақталады.

Таяу тәулікте Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.