21:34, 20 Қаңтар 2023 | GMT +5
Еліміздің екі облысында күн райына байланысты ескерту жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Синоптиктер республиканың екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 21 қаңтарда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыс орталығында жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстік, батыс және таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.