Еліміздің екі облысында жол қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің екі облысында автожолдардың белгілі бөліктері жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі.
ШҚО-да (қар, боран, жол көрінбеу) «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожол учаскесінде (105-123 км), «Семей-РФ шекарасы» (0-64 км), «Бородулиха-Жезкент» (28-49 км) автожол учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ, Қарағанды облысында да ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көктайғақ) қозғалыс мына бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін жабық:
- "Рождественка-Киевка-Теміртау" автожолы (51-266 км);
- "Жезқазған-Петропавл" автожолы (0-240 км);
- "Карағанды-Аягөз-Бұғаз" автожолы (17-320км);
- "Қалқаман-Баянаул-Ботақара" автожолы (0 - 93км).