Еліміздің екі облысында жол жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды «Қазавтожол» РМК.

Еліміздің екі облысында жол жабық

3 желтоқсан күні кешкі сағат 18.00-ден бастап Қостанай облысында көктайғаққа байланысты "Мамлютка-Қостанай" (180-404 км), "Екатеринбург-Алматы" (555-729 км) тас жолдарында жүк және қоғамдық автокөліктері үшін қозғалыс тоқтатылды. Солтүстік Қазақстан облысында кешкі сағат 17.30-дан бастап барлық бағытқа автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.