Еліміздің екі облысында жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің екі облысында жолдар жабылды.
10 мамырда Қарағанды облысында Үміткер елді мекенінен Павлодар облысы шекарасына дейін («Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» а/ж 64-93 шақырымы), Қарағанды қаласы-Токаревка елді мекені-Петровка ауылы («Қызылорда-Павлодар» а/ж 970-992 шақырымы) аралығындағы автожолдар жабылды.
Павлодар облысында Майқайың елді мекенінен Қарағанды облысы шекарасына дейін («Ульяновск-Керней-Үміткер» а/ж 59-138 шақырымы) жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.