Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Синоптиктер еліміздің екі өңіріне ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 20 қаңтарда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғып, таулы аймақтарда жылдамдығы 15-20 м/с.