Еліміздің екі өңірінде ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің екі өңірінде ескерту жарияланды

12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ал Петропавл қаласында сейсенбі күні тұман түсіп, күндіз көктайғақ болып, соққан желдің жылдамдығы 15-20м/с-қа жетеді.

Сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлерінде де тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с болады.