Еліміздің екі өңірінде найзағай ойнап, жауын жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің батыс және солтүстік өңірінде жауын жауып, жел күшеюуі мүмкін, кейбір аудандарында тұман түседі. Қазақстанның қалған бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Еліміздің екі өңірінде найзағай ойнап, жауын жауады - Қазгидромет

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында найзағай жарқылдап, желдің күші секундына жетеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарында да жел 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, найзағай ойнайды. Маңғыстау, Ақмола облыстарында да күн райы жауын-шашынды болмақ.