10:51, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Еліміздің электр стансыларында 3,5 млн. тонна көмірдің қоры бар
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазіргі уақытта еліміздің электр стансыларында 3,5 млн. тонна көмірдің қоры бар. Бұл өткен жылдың деңгейінен 113 пайызға жоғары. Бұл туралы бүгін жылыту маусымына дайындыққа қатысты өтіп жатқан селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бейсенбай Тұрғанов айтты.
Оның айтуынша, сонымен қатар елімізде жылыту маусымын бірқалыпты өткізу үшін қазіргі уақытта 1 млн. тоннадан астам мазуттың қоры жиналған. Алайда мазутты дайындауда кестеден аздап қалып қоюшылық бар. Мазуттың қоры өткен жылдың деңгейінен сәл төмен. «Алайда, мазутты жеткізу бекітілген кестеге сәйкес осы жылғы қазанның 1-інде басталады. Біз бұл қалып қоюшылықты қуып жетеміз деп үміттенеміз», деді вице-министр.
Б. Тұрғанов еліміздің бірқатар өңірлерінде биылғы жылыту маусымына дайындықта аздаған проблемалар барын атап көрсетті.