Еліміздің ең сәнқой еркектері - Алматыда
АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Еліміздің ең сәнқой ер-азаматтары Алматы қаласында тұрады. Қазақстан әйелдерінің арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы осындай қорытындыға келіп отыр.
Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 84 пайызы елдің ең сәнқой ер-азаматтары Алматы қаласында тұрады деп санайды екен. Ал әйелдердің 9 пайызы елордалық азаматтар соңғы сән үлгілері бойынша киінетіндігін атап өткен. Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылар Қарағанды, Өскемен, Орал ер-азаматтарының талғаммен киінетіндігін айтқан.
Сауалнамаға 1000 нәзік жанды қатысқан.