Еліміздің қазақстандық арманға нық қадам басуы үшін барлық алғышарт дайын - Сенатор М.Бортник
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Елбасы мақаласында айтылған қазақстандық арманға нық қадам басуы үшін барлық алғышарты дайын. Бұл пікірді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Михаил Бортник білдірді.
Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы өткен жылдың қорытындысы іспеттес. Онда Президент Ұлт жоспарының 5 институттық реформасын жүргізу елдің дамуы үшін айтарлықтай серпін беретіндігін тағы бір мәрте атап өткен. Біз оларды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын қалпына келтіруге және барлық халықтың мығым әлеуметтік кепілін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы ауқымды шараларының басты құрамы ретінде қарастырамыз», - дейді Елбасының мақаласына орай ҚазАқпарат тілшісіне өз ойын білдірген сенатор М.Бортник.
Оның пайымынша, елімізде ол үшін қажетті барлық жағдай бар. Мемлекеттің, экономиканың және қоғамның дамуы үшін түбегейлі жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. 5 институттық реформаның басталуын заңдық және ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың кезеңі басталды.
«Яғни, Қазақстанның мақалада айтылған қазақстандық арманға, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге нық қадам басуы үшін барлық алғышарты дайын. Бүгінде Қазақстан халқы Ұлт жоспарының барлық 5 реформасын толықтай қолдайтындығын көрсетіп отыр. Өйткені, бұл реформалар заманауи әрі барынша өзекті», - дейді сенатор.