Еліміздің кеден бекеттерін қажетті құралдармен жабдықтауға 15 миллиард теңге бөлінеді ? Кедендік бақылау комитетінің төрағасы

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздің кеден бекеттерін қажетті құралдармен жабдықтауға 15 миллиард теңге бөлінеді.

Еліміздің  кеден бекеттерін қажетті құралдармен жабдықтауға 15 миллиард теңге бөлінеді ? Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Бұл туралы бүгін «Кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын жетілдірудің стратегиялық әдістері: Халықаралық тәжірибе» атты семинар барысында Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, дүйсенбі күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен өткен мәжіліс барысында кеден саласындағы бақылауды күшейту және оны қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі қаралған. Осы басқосуда бұл мақсатқа алдағы үш жылда барлығы 15 миллиард теңге қаржы бөлінетін болып шешілген. «Осыған орай алдағы уақытта кеденнен өтетін негізгі жолдарда инспекциялық ? тексеру кешендері мен жекелеген тұлғаларға арналған сканерлеу құралдары және электронды өткізу тірегі жүйесі секілді құралдар орнатылады. Бұл шаралардың барлығы еліміздің шекарасынан қауіпті және заңсыз заттардың өтуін қатаң қадағалау мақсатында ұйымдастырылып отыр», - деді комитет төрағасы.