Еліміздің келешегін айқындайтын сәт туды - Өмірзақ Шөкеев

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ХҚТУ-дың мәдениет сарайында орналасқан 133 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс беріп болған соң облыс әкімі журналистермен кездесіп, еліміздегі саяси процестің өңіріміздегі өту барысына қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облысымыздағы 889 сайлау учаскесінің барлығы тиісінше дайындалып, маңызды науқанды жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Халық жан-жақты ақпараттандырылып, мемлекетіміз үшін жауапты сәтте өз таңдауларын жасауда. Өңірімізге ТМД-да, ЕҚЫҰ-дан және өзге халықаралық ұйымдардан бақылаушылар арнайы келіп, сайлаудың барысына бақылау жүргізуде. Еліміздің келешегін айқындайтын ерекше сәт туды. Баршаңызды белсенді болуға шақырамын», -деді Өмірзақ Шөкеев.null

Қазіргі таңда рухани шаһарда 49 сайлау учаскесі жаңа мемлекет басшысын таңдауға атсалысуда. null null null

Соңғы жаңалықтар