Еліміздің кей аймақтарында қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде суық ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Еліміздің кей аймақтарында қар жауады

Синоптиктердің болжауынша, солтүстік, шығыс және орталық облыстарда жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-5º градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында жаңбыр жаууы ықтимал. Таулы аудандарда 22 мамырда қарлы жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде +2...+10º, күндіз +15...+25º жетеді. Ал батыс облыстарда жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Ауа температурасы осы мезгілге тән температурадан 7-11º жоғары болады.