07:14, 05 Тамыз 2015 | GMT +5
Еліміздің кей өңірлерінде жел күшейіп, найзағай ойнайды - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 тамыз күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, тек республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Павлодар, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.